НҰР-СҰЛТАН, 08 қараша. Жарылыс Бардера қаласындағы (Гедо провинциясы) Сомали үкіметі армиясының оқу-жаттығу орталығында болды. Бұл туралы Сомалидің Goobjoog News агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі сарбаз қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.