НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Дания полициясы елде ауқымды операция жүргізіп, 20 лаңкесті ұстады, деп хабарлайды 24.kz. Мәліметке қарағанда, олар қару-жарақпен жарылғыш заттарды ұстап, елде лаңкестік әрекеттер ұйымдастырмақ болған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, биыл тамыз айында Копенгагендегі салық агенттігінің жанында жарылыс болып, 3 адам тұтқындалған. Осыдан кейін билік Швециямен шекараға уақытша бақылау енгізген болатын.