НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен Мәскеуде кездесу өткізді, оның барысында Сириядағы қазіргі жағдайды егжей-тегжейлі талқылады. Бұл туралы Ресей СІМ баспасөз қызметінің сайтында хабарланды . Хабарламада айтылғандай, тараптар COVID-19 пандемиясының аясында елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, жан-жақты гуманитарлық реакцияның шұғыл міндеттеріне назар аударды. […]