Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Дохада ауғанаралық келіссөздер қайта басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде. Сенбі күні Катар астанасында бұрыннан келе жатқан қақтығысты тоқтату үшін ауғанаралық келіссөздер қайта басталды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Өткен жылы басталған келіссөздер 2021 жылдың ақпанында тоқтап қалды. Келіссөздердің ашылуында сөз сөйлеген Ауғанстанның Ұлттық татуласу жоғарғы кеңесінің басшысы Абдулла Абдулла елдегі зорлық-зомбылықтың өсуіне және халық тап болған проблемаларға назар аударды.блемаларға назар аударды. Ауған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның әскери күштері тағы екі ауданды «Талибан» содырларынан босатты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде.Ауғанстан қауіпсіздік күштері Бамиян мен Парван провинцияларындағы екі ауданды «Талибан» қозғалысы содырларынан қайтарып алды, деп Aнадолу агенттігі хабарлады. Ауғанстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, тәліптер басып алған аймақтарды қайтару операциялары жалғасуда. Бір тәуліктің ішінде Бамияндағы Кахмард пен Парвандағы Шейх- Али аудандарын азат ете алды. Тәлібтер адам күшінде едәуір шығынға ұшырап отыр. Көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігіндегі жарылыстарда бір адам қаза болды, 4 жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде. Сенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Саманган провинциясының орталығы — Айбак қаласында болған жарылыстардың салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. «Айбак қаласында бүгін (сенбіде) түске таман екі мина жарылып, бір бейбіт тұрғын қаза тауып, тоғыз адам жараланды», — деді республиканың Ішкі істер министрлігінің өкілі. Оның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауған әскері 200-ге жуық содырдың көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстан үкіметтік күштері бір тәулік ішінде 200-ге жуық содырдың көзін жойды, деп республиканың қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Талибан*» қозғалысының жүз тоқсан бір террористі өлтірілді, 154-і жараланды» делінген хабарламада. Сонымен қатар, қолдан жасалған 14 жарылғыш құрылғы табылып, залалсыздандырылды. Әскери операциялар Пактия, Гильменд, Ганзи, Хост, Кандагар, Нимруз және Такар провинцияларында жүргізілді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан ІІМ: «Талибанның» барлау басшысының көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Ауғанстанда қауіпсіздік қызметкерлері «Талибан*» қозғалысының барлау қызметінің басшысы Кари Шагасини өлтірді, деп АИР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап SPUTNIK Кыргызстан хабарлайды. Мәлімдемеге сәйкес, тәлібтердің басшыларының бірі Логар провинциясының Мохаммад Агахи ауданында құқық қорғау органдарының жүргізген арнайы операциясы кезінде өлтірілген. «Тағы екеуі қамауға алынды», — деп хабарлады ведомствода. Ауғанстанда ауылдық жерлердегі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пентагон: АҚШ тәлібтердің Ауғанстандағы шабуылдарына алаңдаушылықпен қарайды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде.  АҚШ Ауғанстандағы зорлық-зомбылықтың өсуін бақылап отыр, деп Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирбидің Fox News телеарнасына берген сұхбатына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды.  «Біз (АҚШ — ред.) Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына, зорлық-зомбылықтың артуына және «Талибанның» * шабуылына үлкен алаңдаушылықпен қараймыз», — деді ол. Кирбидің айтуынша, Ауғанстандағы зорлық-зомбылық өте жоғары деңгейде. Ол АҚШ билігі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның астанасындағы бомба шабуылда 2 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде.Кабул полиция дирекциясының баспасөз хатшысы Фердевс Фарамарз баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың Карте-и Нев аймағындағы жылжымайтын мүлік кеңсесіне орналастырылған бомбаның жарылғанын атап көрсетті, деп TRT хабарлайды. Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын білдірді. Шамамен 3 айға жуық уақыт бойы ел көлемінде жасалған бомбалы шабуылдардың көпшілігінде жауапкершілікті ешкім мойнына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ауғанстанда «Талибан» содырларымен болған қақтығыста төрт полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде.  Ауғанстанның оңтүстігінде «Талибан»* радикалды қозғалысының содырларымен қақтығыс салдарынан төрт полиция қызметкері қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС сенбі күні 1TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Дереккөздің хабарлауынша, қақтығыстар кеше кешке Гельменд провинциясындағы Лашкаргах қаласында болған. Оқиғаның егжей-тегжейі келтірілген жоқ. * Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан үкіметі мен Талибан делегациясы ымыраға барды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде.Хамтамада кездесулердің сәтті өткені және барлық тақырыптың егжей-тегжейлі түрде қолға алынғаны білдірілді, деп TRT хабарлайды. Иранда бас қосқан Ауғанстан үкіметі лауазым иелері мен Талибан делегациясы мемлекеттегі мәселелерді шешу үшін әртүрлі талпыныстың көрсетілуі керектігі тақырыбында келісті. Иранның үй иелігінде өткен екі күндік жиналыс аяқталды. Жиналыстан кейін ортақ хаттама жарияланды. Хаттамада «Тегерандағы кездесулердің Ауғанстандағы мәселеге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: Қазақстан Республикасы үшін негізгі есірткі қауіптерінің бірі «Ауған факторы» болып табылады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде.Есірткінің қарқынды және жаппай таратылуы ұлт денсаулығына орасан зиян келтіріп, ел генофондына теріс әсер етуде, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Республикасы үшін негізгі есірткі қаупінің бірі «ауған факторы» болып табылады. Ауғанстандағы тұрақсыз ахуал Орталық Азия елдері арқылы Ресей мен Еуропаға есірткі ағынының жандануына ықпал етуде. Есірткінің қарқынды және жаппай таратылуы ұлт […]
    • 3 Years ago
    • 0