НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Жексенбі күні Ауғанстан вице-президенті лауазымына кандидат Амрулла Салех басқаратын Green Trend саяси қозғалысының кеңсесіне шабуыл жасалған, деп bugin.kz хабарлайды. Салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, 25-і жараланған. Бұл туралы Reuters шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады. Жарылыс жекеменшік университет маңында болған, артынша содырлар оқу орнына баса-көктей кіріп, осы ғимаратқа жапсарлас Green Trend кеңсесіне оқ жаудырған. […]