Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ақтөбеде Сириядан оралған әйелдің соты басталды

    АҚТӨБЕ, 22 шілде. 22 шілде күні Ақтөбе қалалық соты Сириядан оралған соң терроризм айыбы тағылған Ақмарал Алмағамбетованың ісін қарай бастады. Тергеу 32 жастағы Ақмарал Алмағамбетованы «терроризмді насихаттады», «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп айыптап отыр. Прокурордың сөзінше, Сириядан оралған әйел тағылған айыптарды мойындаған. Ал адвокат өз қорғауындағы Алмағамбетованың процессуалдық келісім дайын екенін айтты. Бұл туралы Азаттық Радиосы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбелік полиция есірткі жарнамалайтын 250 сайтты анықтады

    АҚТӨБЕ, 13 шілде. Ақтөбеде алты ай ішінде 117 келі есірткі заңсыз айналымнан алынды. Полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 250 сайтты анықтап, зерделеуге жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті алты айды қорытындылады. Өңірде есірткіге қатысты 31 қылмыстық іс тіркеліп, 88 күдікті қамауға алынды. Заңсыз айналымнан барлығы 117 келі есірткі алынып, тәркіленді. «Жыл басынан бері ірі көлемде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жат ағымның жетегіне ерген отбасы оқиғасы

    АҚТӨБЕ, 11 шілде. Жат ағымның жетегіне ерген алпыстағы ақтөбелік азаматтың үш ұлы да терроризм бабымен істі болған. Бүгінде асыраушысынан айырылған әйелі мен келіндері өлместің күнін кешіп отыр. Бүтін бір жанұяның бұл жағдайын отбасының таныстары баяндады деп жазады NUR.KZ.  Жанұяның танысы үйдің үлкен ұлы Сирияға кеткен соң қайта оралмағанын айтады. «Отбасының қалған мүшелері де сол елге аттанғалы тұрған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбе соты екі тұрғынды «терроризм» айыбымен соттады

    АҚТӨБЕ, 06 шілде. 5 шілде күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты терроризм айыбы тағылған қала тұрғыны Әлібек Әлиевті – 15 жылға, Жанасыл Жұбатовты 13 жылға бас бостандығынан айырды. Айыпталушылардың апелляцияға шағым түсіруге құқығы бар. Ал егер үкім күшіне енсе, олар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды. 25 жастағы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Теракт кезінде қаза болғандарды еске алу шарасы өтті

    АҚТӨБЕ, 20 маусым. Кеше  Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу салтанатты шарасы өтті деп хабарлайды Aktobenews.kz. ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының оқ ату сайысы бойынша біріншілігі әскери борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқандар құрметіне арналған. «Ақжар» оқу-жаттығу алаңында өтетін іс-шараға 70-тен аса әскерилер қатысады. Турнирге Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан өңіріндегі әскери […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбе облысында жабайы қарасора алқабы жойылды

    АҚТӨБЕ, 19 маусым. Мартұқ ауданының  Дмитриевка ауылының маңында Ақтөбе шекара отрядының «Байтұрасай» бекетінің шекарашылары жабайы қарасора алқабын тапты, деп хабарлайды Total.kz. Аталған ауданға ведомствоаралық топ келгенге дейін плантацияны күзететін наряд жіберілді. Шекарашылар шамамен төрт мың шаршы метр алаңдағы қарасораны шауып алып, өртеп жіберді. Жалпы салмағы 1500 килограмм болатын 270 000 бұта жойылды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде үш жыл бұрын болған лаңкестік шабуылдың құрбандары еске алынды

    АҚТӨБЕ, 05 маусым. Ақтөбеде болған лаңкестік шабуыл оқиғаға бүгін тура 3 жыл толды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұздай қаруланған топ қару-жарақ дүкені мен әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын. Бүгін қақтығыс орын алған әскери бөлімде ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сол күндері Ақтөбенің 4 қарапайым тұрғыны мен Ұлттық ұланның 66/55 әскери бөлімінде қызмет ететін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттаған төрт адам қамауға алынды

    АҚТӨБЕ, 24 мамыр. «Жусан» операциясы арқылы жуырда Сириядан оралған төрт ақтөбелік «терроризмді насихаттады» деген күдікпен 2 айға қамауға алынды. Олардың үшеуі ер адам болса, біреуі — әйел. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап AstanaTV  хабар таратты. Күдіктілерге елге оралған бойда кісен салыныпты. Қазіргі тергеу шаралары басталды. «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Полиция ақтөбеліктің балконынан 2 келіге жуық есірткі тәркіледі

    АҚТӨБЕ, 22 мамыр.  Ақтөбелік өз пәтерінің балконында 2 келіге жуық есірткі сақтаған. Күдікті есірткі шөбін саяжайдан орып алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицияға пәтерінде есірткі өнімін сақтайтын тұрғын туралы жедел ақпарат келіп түскен. Ақпаратты тексеру барысында 30 жастағы азаматтың үйінен 1 келі 949 грамм болатын марихуана тәркіленді. «Күдікті есірткі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбе облысында 2018 жылдың басынан 13 адам терроризм айыбымен сотталған

    АҚТӨБЕ, 19 сәуір. Ақтөбе облысында 2018 жылы — cегіз адам, биыл үш айда бес азамат терроризм айыбымен сотталған. Бұл туралы 18 сәуірде Ақтөбе облыстық сотында өткен тоқсан қорытындысына арналған жиында айтылды, деп  Азаттық Радиосы жазады. Облыстық сот мәліметінше, биыл бас бостандығынан айырылғандардың бесеуі де «терроризмді насихаттағаны және терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны үшін» істі болған. […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 5 of 8« Бiрiншi...«34567 » ...Last »