Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қазақстан мен АҚШ терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Президенттің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиевтің АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілдерімен бейнеконференциясы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кездесу барысында тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Қарулы қақтығыс ошақтарынан оралған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан, АҚШ және Ауғанстан COVID-19, есірткі тасымалы мен терроризммен күресті талқылады

      НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.  Өзбекстан, Америка Құрама Штаттары мен Ауғанстан жаңа COVID-19 коронавирусының таралуына, терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы күресте өзара іс-қимылды күшейтуде, деп Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 тамызда «Өзбекстан-АҚШ-Ауғанстан» үшжақты ынтымақтастық форматындағы қауіпсіздік жөніндегі шағын комиссияның бірінші отырысы бейнеконференция форматында өтті. Тараптар, атап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирак пен Кувейт шекарасында АҚШ әскери техникасының колоннасына шабуыл ұйымдастырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз.  Жарылыс Ирак пен Кувейт шекарасының аумағында болды. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Ақпарат бойынша, жарылыс шиит содырларының шабуылы нәтижесінде болған. Шабуылдың мақсаты АҚШ әскери техникасының колоннасы болды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • М. Эспер: күздің соңына дейін Ауғанстандағы әскери қызметшілер санын 5 мың адамға дейін қысқартамыз

    НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз.  АҚШ билігі қараша айының соңына қарай Ауғанстандағы американдық әскери контингентті 5 мың адамға дейін қысқартуға ниетті. Бұл туралы Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Марк Эспердің Fox News телеарнасындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. «Біз қараша айының соңына дейін әскери қызметшілер санын 5 мыңға дейін азайтуға ниеттіміз», — деді ол. «Біз АҚШ Конгресін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ-тың апелляциялық соты Бостондағы лаңкестік әрекетке қатысушыны өлім жазасына кесу туралы үкімді жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. АҚШ-тың апелляциялық соты 2013 жылы Бостон марафонында жарылыс жасады деп өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевқа қатысты сот шешімінің күшін жойды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап хабарлайды. 27 жастағы Царнаев өмір бойы түрмеде отырады, алайда сот оны өлім жазасына кесуге қатысты тағы да бір сот процесін өткізбек. Айта кетсек, Бостон марафонының мәресінде болған жарылысқа […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ әскерлерін Ауғанстаннан жақын арада шығару ниетін растады

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. Америка Құрама Штаттары жақын арада Ауғанстаннан шығуды жоспарлап отыр. Мұны жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп растады, деп жазады ТАСС. «Біз Ауғанстаннан жақын арада кетеміз», — деді Америка басшысы Ақ үйде өткен іс-шарада. Бейсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Вашингтон келесі жылдың мамыр айында «Талибан» радикалды қозғалысымен (Қазақстанда тыйым салынған) жасалған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ-та ИМ жақтаушысына қатысты түрмеге жабу туралы үкім шығарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр. Флорида тұрғыны Элисон Мари Шеппард ИМ-нің жаңкешті лаңкестеріне жәрдемдескені үшін 5 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылды, деп Форт-Майерстегі федералды прокурор кеңсесінің мәлімдемесіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Айиша Абдулла» деген атпен де белгілі Шеппард 2019 жылы лаңкестік ұйымды қолдағаны үшін кінәсін мойындады. Сот құжаттарына сәйкес, 2017 жылы Шеппард қолдан жасалған жарылғыш […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ бастаған коалиция Сирияда ИМ екі басшысын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының екі аймақтық басшысы «Сирия демократиялық күштері» мен АҚШ бастаған халықаралық лаңкестікке қарсы коалицияның бірлескен операциясында өлтірілді. Бұл туралы жұма күні  АҚШ басқаратын елдер тобы Ирак пен Сирияда жүргізіп жатқан «Непоколебимая решимость»  операция штабының мәлімдемесінде жарияланған, деп хабарлайды ТАСС . «17 мамырда «Сирияның демократиялық күштері» коалициямен бірлесе  Сирияның Дейр-эз-Зор […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырлары АҚШ-пен келісімге қол қойғаннан кейін шамамен 3000 шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. «Талибан» радикалды қозғалысының жақтастары ақпан айының аяғында АҚШ-пен келісімге қол қойылғаннан кейін 2 804 шабуыл жасады. Бұл туралы сенбі күні Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джавид Файсал мәлімдеді, деп TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Наурыздың басынан бастап 19 сәуірге дейін тәлібтер 2 804 шабуыл жасады», — деді Файсал. «Шабуылдардың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауған үкіметі Талибанның жүзден астам мүшесін түрмеден босатты

    НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір. Ауған үкіметі Талибан радикалды қозғалысының жүзден астам мүшесін түрмеден босатты. Бұл туралы 12 сәуірде Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік кеңесіне (NSC) сілтеме жасап Азаттық Радиосы хабарлады. Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Twitter-де 11 сәуірде бостандыққа шыққан бірнеше тұтқынның суретін жариялады. Кеңес өкілдерінің айтуынша, босатылатын тұтқындардың тізімін жасаған кезде тұтқындардың жасы, денсаулық жағдайы мен жаза мерзімінің ұзақтығы ескерілген. Ауған […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 12 of 22« Бiрiншi...«1011121314 » 20...Last »