Дакка. 12 мамыр. Бангладеш полициясы Раджшахи округінде лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізіп, 5 адамның көзін жойды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Құзіретті органның мәлімдеуінше, олар – әке-шешесі, екі ұлы және қызынан тұратын бір отбасының мүшелері. Үшеуі жасақтарға граната лақтырып, бір өрт сөндірушіні өлтіріп, екі тәртіп сақшысын жаралаған. Бұдан бөлек, полицейлер анасымен бірге 2 айлық сәби […]