Астана. 21 ақпан. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл оқушыларға «Дінтану негіздері» пәні арқылы оқушыларды отанды сүюге, ұстазды құрметтеуге, зиян әдеттерден аулақ болуға баулу керек деп есептейді. Бұл туралы ол мәжілісте мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселелері талқыланған отырыста айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. «Тоғызыншы сыныпта оқытылатын «Дінтану негіздері» деген факультативтік пән бар. Соның ішінде 46 тақырып бар екен. […]