НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Ұлыбританияның Рединг қаласында қарулы шабуыл болып, 3 адам қаза тапты, деп 24.kz хабарлайды. Тағы екі азамат жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам саябақта демалып жүрген бір топ кісіге пышақ ала ұмтылған. Осыған байланысты олар оқиға орнына бірден полиция қызметкерлерін шақырыпты. Қазір қылмыскер қамауда. Тергеушілер оның мұндай қадамға неліктен барғанын анықтап жатыр. […]