АСТАНА, 04 қазан. Конго Демократиялық Республикасында (КДР) «Демократиялық күштер альянсы» (ДКА) экстремистік тобының содырлары кем дегенде 14 адамды өлтірді, деп Agence France-Presse (AFP) хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Жергілікті биліктің мәліметінше, сенбі күні мачетемен қаруланған содырлар ауылға басып кіріп, жергілікті тұрғындарға шабуыл жасапған, салдарынан 14 адам қаза тауып, екеуі жараланған. Сондай-ақ екі бала із-түзсіз жоғалған. […]