Ақтау. 16 қараша. Бүгін Ақтау қаласында «Жастар керуені» жобасының жұмысы қорытындыланып, көштің эстафетасы Батыс Қазақстан облысына табыс етілді. Алдағы уақытта жастар көші еліміздің барлық өңірлерін аралап, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттайды. Республика бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» Батыс Қазақстан облысына қарай жолға шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың […]