ҚОСТАНАЙ, 01 ақпан. Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерінің электронды поштасына автовокзалға қойылған «бомба» туралы хабарлама түсті. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыстық полиция департаментін экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сембин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2021 жылғы 1 ақпан күні полиция департаменті қызметкерінің электрондық поштасына автовокзал аумағына жарылғыш заттың қойылғаны, террорлық акт туралы хабарлама […]