Кабул. 24 шілде. Бүгін Кабулда жарылыс болып, кем дегенде 24 адам мерт болып, 40 адам жарақаттанған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бүгін таңертең жетілер шамасында Кабулдың батыс аймағында автобусқа қойылған бомба жарылған. Автобуста тау-кең министрлігінің қызметкерлері болған. Жарылыстан кейін бірнеше сағат қанша адамның зардап шеккені белгісіз болған. Алдын ала дерек бойынша, жарылысты ұйымдастырушы да қаза тапқан. […]