Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Елордада аса ірі көлемде есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек.  Елордалық полицейлер арнайы операция барысында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. «36 жастағы ер адам Тараз көшесінде көлігінің жанында ұсталды. Оның көлігін тінту кезінде жедел уәкілдер орындық астынан ұнтақ тәрізді зат салынған полиэтилен пакет тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, салмағы 200 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 100 келіден астам есірткі саудалаған ШҚО-ның екі тұрғыны 11 жылға сотталды

    ӨСКЕМЕН, 12 қыркүйек. ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті каннабистік топтағы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар ҚР азаматтары М. Бейсембаев пен Д. Ережеповтің  заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Атап айтқанда, 2019 жылғы 27 наурызда ҰҚКД көрсетілген адамдарды салмағы 82 кг 343 г есірткі құралдарын өткізбекші болған кезде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Францияда жүк көлігінен бір тоннаға жуық есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Францияның шығысында Изер департаменті кеденінің қызметкерлері жүк көлігінен  933 келіден астам гашиш есірткісін тапты. Жүргізуші қамауға алынды, деп  France Bleu радиостансасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Аса көлемді есірткі тиелген жүк көлігінің жұма күні Вьен және Ревантен-Вогри коммуналарын жалғастырып жатқан ақылы жолда ұсталғаны атап өтіледі. Кеденшілер A7 автомагистралінде солтүстік бағытқа бет алған жүк көлігін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да ірі есірткі партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН,05 қыркүйек. Солтүстік Қазақстан облысында марихуана мен гашиштің  ірі партиясы тәркіленді, деп Экспресс К хабарлайды. Петропавл қаласының шетіндегі саяжайда жедел қызметкерлер  10 килограмм марихуана мен екі килограмм гашишті сатып жатқан жерінде, бұрын сотты болған 1976 және 1985 жылы туылған облыс орталығының екі тұрғынын қолға түсірді. Одан әрі тінту барысында саяжай учаскелерінің бірінде және жалға алынған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтан қаласында аса ірі көлемдегі есірткі заты тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН,03 тамыз. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасымен елорда территориясына есірткі жеткізіп және сатумен айналысқан тұлғаларды ұстау операциясы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елорда аумағына есірткі жеткізу және тарату каналының жолын кесуге бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есенберлин көшесінің бойында бұрын сотталған азамат ұсталды. 43 жасар күдікті, Қарағанды облысының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да ер адам 80 келі марихуанамен ұсталды

    Петропавл, 03 тамыз. Солтүстік Қазақстандық тәртіп сақшылар есірткі затын сатты деген күдікпен 46 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп 24.kz хабарлайды.  Жедел-іздестіру шарасы барысында «Жезқазған — Петропавл» бағытындағы тас жолдың 246-шақырымында полицейлер тоқтатқан «Ниссан Кашкай» автокөлігінен 4 қап өсімдік тектес зат табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша ол 80 келі марихуана және 88 грамм гашиш есірткісі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таразда түзеу мекемесіне есірткіні жаңғаққа салып өткізбек болған

    ТАРАЗ, 24 шілде. Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ерекше режимдегі ЖД-158/7 түзеу мекемесінің ережесін бұзып, заңға қайшы әрекетке баратындар азаймай тұр. Соңғы уақытта тиым салынған заттарды пошта арқылы жіберу белең алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ағымдағы жылдың 19 шілдесі күні мекеме қызметкерлер кезекті рет қамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында көңілге күпті, күдікті заттарды анықтаған. Режим бөлімінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақмола облысында гашиш сатқан қорқоршы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН,  03 маусым. Гашишті заңсыз сатқаны үшін облыс орталығының көңіл көтеру орындарының бірінің қорқоршысы ұсталды, деп Ақмола облысының Полицтя Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды. Көңіл көтеру орындары бойынша рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері гашишты жұмыс орнынан сатумен айналысқан тексерулі ұйымдардың бірінің қызметкерін ұстады. В ходе обысков служебная собака Дозор нашла […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткі сақтаумен және сатумен айналысқан Ресей азаматы ұсталды

    АЛМАТЫ, 30 сәуір.Алматыда есірткі сатушыларды ұстау бойынша екі арнайы операция жүргізілді,деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаланың әртүрлі бөлігінде есірткімен күрес қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын таратқан күдіктілерді ұстады. Құрықтау шаралары екі түрлі дерек бойынша жүргізілген. Операциялардың бірі Әуезов ауданындағы гараж кооперативінің аумағында өтті. Шара барысында гашиш есірткі затын сақтап, оны сұрыптаумен айналысқан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында есірткі сатқан отбасы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір. Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері Алматы облысында есірткі саудасымен айналысқан жанұяны анықтады, деп облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ЭХО КАЗАХСТАНА хабарлайды. Полиция қызметкерлері Қарасай ауданында арнайы операция өткізді. 19 сәуірден 20 сәуірге қараған түні Жандосов кентінде есірткіні сату мен таратуға күдікті 68 жастағы зейнеткер және 44 жастағы әйел […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 11 of 11« Бiрiншi...«7891011