НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Стамбулда сот шешімімен ДАЕШ террористік ұйымының мүшесі Мұхаммед Яхья Е. қамауға алынды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Түрік мегаполисінің полициясы Яхьяны сенбі, 20 ақпанда Бахчелиэвлер ауданында ұстады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, террорист әскери нысан маңындағы ағаштардың біріне шығып, әскерилердің қимыл-қозғалысын бақылаған. Тінту кезінде одан террористік ұйымға қатыстылығын растайтын фото және видео материалдар алынды.