АСТАНА, 21 қазан. Француз Lafarge цемент зауыты ДАИШ террор ұйымына көмектескенін мойындады, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қылмыстық іс қаралған АҚШ-та Әділет министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Lafarge (Лафарж) Нью-Йорктің Бруклин қаласындағы федералды сотта келісімге келді. «ДАИШ-ке көмектесу» қылмысын мойындаған Lafarge компаниясы 777,78 миллион доллар айыппұл төлейді. Лафардж жасаған мәлімдемеде «Lafarge және оның […]