ПЕТРОПАВЛ, 13 шілде. Петропавл тұрғыны экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 42 жастағы петропавлдықтың Facebook желісіндегі парақшасынан діни сипаттағы бейнежазбаларды тапты. Тексеру барысында ер адамның деструктивті сипаттағы діни ағымның ұстанушысы екені анықталды. Дінтанулық сараптама қорытындысына сәйкес, ол әлеуметтік […]