НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. Бүгіннен, 1 тамыздан бастап Нидерландта қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде әйелдерге бетін бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым ресми түрде күшіне енді, деп Азаттық Радиосы хабарлайды. Бұдан былай қоғамдық көлікте, мектепте, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелерде паранжа, ниқаб және чадра киюге болмайды. Нидерландтың ішкі істер министрлігі полиция мен муниципалдық биліктен заңның орындалуын бақылауды сұрады. […]