НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде. Египетте төтенше жағдай тағы үш айға созылды. Бұл туралы ел президенті Абдель Фаттах ас-Сиси мәлімдеді, деп 24.kz хабарлайды. Президент бекіткен қаулыда мемлекеттің қарулы күштері мен ұлттық полициясына терроризмнің алдын алу және оларды қаржыландыру жолдарын анықтау, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылған. Айта кетейік, бұл мемлекет басшысының бастамасымен елдегі төтенше жағдай тәртібін оныншы мәрте созу. […]