НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. 2019 жыл басталғалы еліміз бойынша есірткі жарнамалаған 3766 интернет ресурс анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Биыл жалпы саны 3766 есірткі жарнамалаған сайт анықталып, жабылды. Одан бөлек, есірткі жарнамалаған 1100 граффити стиліндегі сурет табылды. Бүгінде олардың тізімі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберіліп бұғатталды. Ал суреттерді жою жұмысына жастар мен еріктілер тартылуда. […]