Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нұр-Cұлтан полицейлері есірткі жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Елорда аумағында жүргізілген арнайы операция барысында қалада есірткі сатумен айналысып келген 2 адам ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Есірткі заттарын жеткізу арналарын және қылмыстық топтардың іс-әрекетін жоюға бағытталған іс-шаралар өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласында есірткі затын сату үстінде 36 жастағы ер адам ұсталды. Оның үйінің ауласын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ШҚО-ның полицейлері алты есірткі тасымалдау каналын әшкереледі

    ӨСКЕМЕН, 08 желтоқсан. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері алты есірткі тасымалдау каналын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірде 240 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 154-і есірткі саудасына қатысты болып отыр. Жалпы облыс бойынша түрлі есірткінің 281 келісі (оның 263 келісі марихуана) тәркіленген. Сондай-ақ алты есірткі тасымалдау каналы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иранда 6 айда 473 тонна тыйым салынған есірткі тәркіленді

      НҰР-СҰЛТАН, 06 қыркүйек.Ирандық күнтізбелік жылының алғашқы 6 айында (2020 жылдың 20 наурызынан) Иранның есірткіге қарсы полициясы 473 тоннаға жуық тыйым салынған  есірткінің әр түрлі түрін тәркіледі. Бұл туралы ирандық Mehr News агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM агенттігі хабарлады. Иран Ислам Республикасы құқық қорғау күштерінің есірткіге қарсы күрес жөніндегі полиция бастығы полковник Маджид Карими бұл мәлімдемені […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иранда 4 айда 388 тоннадан астам есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 03 тамыз.  31 Шілдеде Иран полициясы басшысының орынбасары ағымдағы ирандық күнтізбелік жылының (2020 жылдың 20 наурызынан бастап)  алғашқы 4 айында елдің полиция күштері 388 тоннадан астам тыйым салынған есірткіні тәркілегенін мәлімдеді. Бұл туралы ирандық IRNA агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM агенттігі хабарлады. Бригада генералы  Ғасем Резаидің мәліметінше, ел бойынша алғашқы төрт айда 388 000 келіден […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Душанбеде Еуропадан келетін синтетикалық есірткі арнасы әшкерленді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым. Тәжікстан ІІМ-нің қызметкерлері Еуропадан ел астанасы Душанбеге синтетикалық есірткі жеткізетін ірі арнаны әшкерлеп, 40 килограмға жуық апиын мен 2,2 мыңнан астам экстази  таблеткаларын тәркіледі, деп Душанбенің ІІМБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.   Милиция 32 жастағы Тәжікстан азаматын ұстады, тінту кезінде одан экстазидің 2 мың 224 таблеткасы тәркіленді. Есірткі заттарын шай […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда  героиннің ірі трафигі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Қазақстан Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев есептік кездесу барысында елімізде 26 ұйымдасқан қылмыстық топ пен ірі есірткі трафигі тәркіленгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.  Министрдің сөзінше, ЭТҚ қызметкерлері қысқартылғаны қалғандарына жалақыны көтеріп, жемқорлық қаупін азайтуға көмектескен. Одан бөлек, ведомство өкілі экономикалық сипаттағы маңызды қылмыстардың ашылғанына назар аударды. Мәселен, Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 26 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Көлік полицейлері Жамбыл облысынан марихуана мен гашиш жеткізу арнасын жойды

    ҚАРАҒАНДЫ, 06 мамыр. Көлік полицейлері Жамбыл облысынан еліміздің солтүстік аймағына бағыт алған есірткі тасушының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Қарағанды” станциясындағы көлік полицейлері жедел іс-шаралар нәтижесінде Балқаш қаласында марихуана мен гашиш есірткілерін жеткізудің ірі арнасын жойды. Солтүстік өңірге бағыт алған есірткі жолы Жамбыл облысынан басталған. Есірткі жеткізуші Жамбыл облысы Шу ауданының 55 жастағы тұрғыны болып […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ресейде күшті әсер ететін заттардың таралу арнасының жолы кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз. «Ресей ІІМ Есірткі айналымын бақылау жөніндегі Бас басқармасының қызметкерлері Ресей ФҚҚ-мен бірлесе отырып, «Ресей поштасы» АҚ-мен өзара іс-қимылда күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына күдікті адамдар тобының қызметін тоқтатты, деп РФ ІІМ ресми сайты хабарлайды. Интернет-ресурстардың бірінде зиянкестер күшті әсер ететін заттарды сату туралы хабарландыруды, атап айтқанда олардың атаулары мен құнын орналастырғаны […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ТМД шекара ведомстволарының басшылары Орталық Азия мемлекеттерінің Ауғанстанмен шекарасындағы жағдайды талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Самарқандта ТМД шекара ведомстволарының басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды УзТАГ. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекара ведомстволарының басшыларының бесінші аймақтық кездесуіне Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан шекара ведомстволарының,  сондай-ақ Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметінің делегациялары қатысты. Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ауғанстанмен сыртқы шекараларындағы ахуал, сондай-ақ оның жақын болашақтағы даму тенденциялары талданды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия мен Нидерланд полициясының бірлескен операциясы кезінде 3 тоннаға жуық героин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Түркия мен Нидерландтың есірткіге қарсы полиция бөлімшелерінің бірлескен операциясының нәтижесінде 2384 кг героин тәркіленді. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, операция Қазақстан, Германия, Польша, Нидерланды және Түркияның аумағын қамтыды. Осылайша, Түркияның шығыс шекараларындағы бірқатар елдерден Еуропаға есірткі жеткізетін арна тоқтатылды.
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 2 of 3«123 »