НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Валенсиядағы испан полициясы бір айда 4 тоннаға жуық кокаин тәркіледі, деп 24.kz хабарлайды. Есірткі, қант пакеттерімен калифорниялық жаңғақтар арасынан табылған. Алты контейнер Латын Америкасынан жіберілген. Құқық қорғау қызметкерлері 11 адамды ұстады. Олар Испания, Дания және Батыс Африканың азаматтары. Сондай-ақ бірнеше жергілікті порт жұмысшылары есірткі саудасымен айналысқан.