ПАВЛОДАР, 22 тамыз. Павлодарда арнайы операция өтіп, оның барысында 67 жастағы жергілікті зейнеткерден есірткінің ірі партиясы (33 келіден астам марихуана және 3,3 келі гашиш) тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz. ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталының сайтында хабарланғандай, есірткі заттарды сату және сақтау бойынша күдікпен Павлодар қалалық ІІБ қызметкерлері есірткіге қарсы қылмыспен қаланың уақытша ұстау изоляторына 67 жастағы азаматты қамады. […]