ОРАЛ, 15 қыркүйек. БҚО-ның екі тұрғыны облыс орталығында интернет желісінде есірткі заттарын сатуды ұйымдастырғаны үшін қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсұтхан Аблазимовтың мәлім еткеніндей, орман алқабында, сондай-ақ күдіктілердің мекенжайларын тінту кезінде 1 келіден астам ұнтақ есірткі заттары, 55 таблетка амфетамин және 500 грамға жуық өсімдік тектес есірткі заттары тәркіленді. Қабылданған […]