НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Жыл басынан бері еліміздің бірқатар өңірінде 8 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалаларында, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 есірткі зертханасы анықталып, жойылды. Мәселен, Петропавлда ерлі-зайыптылар синтетикалық есірткі әзірлеумен айналысқан. […]