Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ресейде соңғы бес жылда 900-ден астам жасырын есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Бес жыл ішінде полицейлер 900-ден астам астыртын есірткі зертханаларының қызметінің жолын кесті, сондай-ақ заңсыз заттар контрабандасының 6,7 мыңнан астам фактісін анықтады. Бұл туралы  Ресей ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.  «Соңғы бес жылда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыруға байланысты есірткі қылмысына қатысты 390-нан астам қылмыс тергелді. Заңсыз заттар контрабандасының […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды

    АЛМАТЫ, 07 қараша. Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Талғар ауданында есірткінің жасырын өндірісін жойды. Күдіктілер – туыстық қатынастағы жігіт пен қыз синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактілерін анықтау бойынша жүргізілген “Рефлекс” арнайы операциясы барысында полицияның назарына ілікті. Жедел қызметкерлер барлық мән-жайларды анықтау […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті екі есірткі зертханасын жою туралы мәлімдеді

    АЛМАТЫ, 28 қазан. 2021 жылғы қазанда ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен өңір аумағындағы жасырын зертханаларда ірі партияда синтетикалық есірткі жасауға және оларды Интернет ресурстары арқылы таратуға қатысы бар 2 есірткі тобының әрекетін анықтап, жолын кесті, деп ведомство баспасөз қызметі хабарлайды. Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша одан әрі көтерме партияда өткізумен «мефедрон» және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда синтетикалық есірткі дайындайтын үш зертхана жойылды

    АЛМАТЫ, 16 қазан. Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Журналистермен дәстүрлі кездесуде Алматы ПД-нің басшысы синтетикалық есірткілерді шығаратын 3 зертхананың жойылғанын хабарлады. – Олардың бірі Медеу ауданындағы жалдамалы үйден табылды. Тінту кезінде синтетикалық есірткі өндіруге арналған компоненттер, сондай-ақ сатуға дайын, жалпы салмағы 3,5 келі “мефедрон” заты тәркіленді. Бұл өнімнің сату бағасы шамамен 40 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Елорда аумағында 3 есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан.Елорда аумағында 3 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Сергей Ильиных айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Қазіргі уақытта есірткі заттарының заңсыз жарнамасы түрлі формаға бейімделген. Олардың қатарында граффитти, сурет, барлық баспа өнімдері, үнпарақ, жапсырма бар. Тіпті, бильбордтарға QR-код таңбалау арқылы заңсыз жарнаманы тарату фактісі де […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нидерландыда ел тарихындағы ең ірі есірткі зертханасы табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз.  Нидерландының оңтүстігінде полиция елде бұрын табылған метамфетамин синтетикалық препаратын (есірткі қолданушылардың арасында «мұз» және «мет» деп те аталады) өндіретін ең ірі және кәсіби жасырын зертхананы тапты. Полиция хабарламасына сәйкес, шифрланған чаттағы хабарламалардың шифрын ажырату құқық қорғау органдарына қылмыскерлерді табуға көмектест,деп Deutsche Welle жазады  . Есірткі зертханасы Лимбург провинциясының Недерверт ауылының маңындағы екі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • СҚО жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылды

    ПЕТРОПАВЛ, 08 шілде. СҚО полицейлері жарты жылдың ішінде төрт есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Солтүстікқазақстандық полицейлер жарты жылдың қорытындысы бойынша облыстағы есірткімен байланысты ахуалды айтып берді. Бүгінгі таңда СҚО-да есепте 573 нашақор тұр, оның ішінде 40 әйел мен 1 кәмелетке толмаған бар. 6 ай ішінде дәрігерлер есірткі дозасын асыра пайдалану фактілері бойынша 22 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • “Қарасора-2021”: Қостанай облысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заты тәркіленді

    ҚОСТАНАЙ, 15 маусым. Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Рудный қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды дайындау бойынша наркологиялық зертхананың қызметін тоқтатты. Осы мақсатта Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны кеншілер қаласының автогараж қоғамдарының бірінің аумағында орналасқан гаражды жалға алған. Гаражда тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308,8 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • СҚО-да полицейлер синтетикалық есірткі зертханасын жойды

    ПЕТРОПАВЛ, 23 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері синтетикалық есірткілерді шығарып келген шағын лабораторияны жойды. Мұнда есірткіні интернет арқылы сату мен жасырын жерлерде қалдыруға дейін қарастырылған, деп Polisia.kz хабарлайды.  Ағымдағы жылдың басында полицейлердің назарына бірнеше жас жігіт ілігеді. Олар Петропавл қаласының аумағында синтетикалық есірткілерді таратып келген. Ақпан айының басында есірткіні жасырын орынға салмақ болған күдіктілердің бірі ұсталған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҚР ІІМ: Жыл басынан бері 8 есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 05  сәуір.  Жыл басынан бері еліміздің бірқатар өңірінде 8 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалаларында, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 есірткі зертханасы анықталып, жойылды. Мәселен, Петропавлда ерлі-зайыптылар синтетикалық есірткі әзірлеумен айналысқан. […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 3 of 4«1234 »