Астана, 20 ақпан. Теміртауда терроризм туралы жалған хабар берген 58 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Sputniknews Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, ақпанның 18-інен 19-ына қараған түні «112» қызметіне белгісіз біреу хабарласып, жетінші шағын аудандағы №31 үйде жарылғыш құрылғы қойылғанын айтқан. Оқиға орнына жедел қызметтер аттанып, 17 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. ІІД […]