Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • 55 жасар Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға сотталды 

    ТАРАЗ, 02 қазан. Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Деловой Казахстан газеті жазады. «Қарағанды—Сұрыптау станциясының көлік полицейлері «Қарасора-2020» жедел—алдын алу іс шарасын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізумен айналысқан Жамбыл облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», — дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев. Оның айтуынша, ұсталған азаматтан жалпы салмағы 23 келі болатын есірткі заты тәркіленген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «гашиш«есірткі құралы болып табылады. «Осы факті бойынша көлік полицейлері  ҚР ҚК 297 — бабы 3-бөлігімен яғни, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді», — дейді полиция полковнигі. «Осы жылдың 22 қыркүйегінде Жамбыл облысының мамандандырылған сотының шешімімен құқық бұзушы осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп толықтырды сөзін Н. Әлібаев. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері  Көліктегі ПД—нің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері 338 есірткі қылмысын, оның ішінде 31 өткізу және 18 аса ірі мөлшерде сақтау фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 156 келіден астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 31 келі гашиш және 73 келі марихуана тәркіленді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот ісі аяқталды

    ТАРАЗ, 01 қазан. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топ ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған тоғыз адамға қатысты сот ісі аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сотталушылар 10 жылдан 17 жылға дейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың қаңтар айында ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-мен бірлесіп, Қырғызстаннан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Еліміздің бірнеше өңірінде есірткінің ірі партиялары тәркіленді 

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек.Жамбыл облысында кептірілген марихуана, ал Нұр-Сұлтанда ірі гашиш партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы Шу ауданында екі жүз килограмнан астам марихуана тәркіленді. Полиция күдіктіні марихуананы əзірлеп жатқан кезінде ұстады. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған күдікті 218 келі марихуананы кептіріп, жөнелтуге дайындап қойыпты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының тұрғынынан 1 келіден астам гашиш тәркіленді

    АЛМАТЫ, Жамбыл облысының тұрғыны есірткінің үлкен көлемін Алматыға жеке таксимен алып келмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткітасушы Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны 1987 жылы туған Б.есімді азамат болып шықты. – Кешкі сағат сегіздер шамасында, Жандосов көшесінде, шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері “Тойота Камри” көлігін тоқтатты, оның ішінде Меркі ауылынан келген […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Шу тұрғынынан 200 келіден астам марихуана тәркіленді

    ТАРАЗ, 17 қыркүйек. Жамбыл облысының тұрғынынан 200 келіден астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 11 қыркүйекте “Қарасора-2020” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының №5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірге Шу ауданы Тасөткел ауылдық округінің құмды аймағында бұрын ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотталған 21 жастағы жұмыс істемейтін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бақшасында марихуана өсірген Тараз тұрғыны ұсталды

    ТАРАЗ, 11 қыркүйек. Тараз тұрғыны өз бақшасында марихуана өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz. 1 қыркүйекте “Қарасора-2020” республикалық жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының 60 жастағы тұрғынын ұстады. Оның жеке меншік үйінің бақшасына өсірген жалпы салмағы 60 келі марихуана есірткі заты табылып тәркіленді. Ұсталған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Түрмеге жіберген сәлем-сауқатқа есірткі жасырған жамбылдық тұтқындалды

    ТАРАЗ, 27 шілде. Азық-түлікке есірткі жасырған Тараздық тұрғын түрмедегі досына беріп жібермек болған жерінде қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қала тұрғыны тыйым салынған затты шәйдің ішіне жасырған. Осыдан екі күн бұрын ЖД-158/7 мекемесінің жедел-режим тобы азық-түлік пен қажетті заттарды жазасын өтеуші досына тапсырамын деп, бірақ өзі есірткі бермек болған А. есімді ер адамды ұстады. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарасора-2020: Жамбыл ауданының тұрғыны марихуана өсіруімен айналысқан

    ТАРАЗ, 13 шілде. “Қарасора-2020” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданында 59 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Одан үйінің бақшасынан өсірілген “марихуананың” 110 түбін тәркіледі. Күдікті кінәсін мойындады, ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлімі “Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Б.Сапарбаев — Терроризм көріністерінің алдын алуға барлық мүдделі құрылымдардың бірлескен жұмысы өте маңызды

    ТАРАЗ, 06 шілде. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмысын мұқият ұйымдастыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстағы экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәселелері жөнінде мәжіліс өтті. Басқосуда баяндама жасаған облыс әкімдігі дін істер басқармасының басшысы Жангелді Омаров «2018-2022 жылдарға арналған экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл» бағдарламасының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының тұрғынынан 17 келіден аса “кептірілген марихуана” есірткі заты тәркіленді

    ТАРАЗ, 13 маусым. Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының 46 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Құқық бұзушы аса ірі көлемде, яғни жалпы салмағы 17 келіден аса “кептірілген марихуана” есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін күдікті болып табылды, – дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев. […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 6 of 9« Бiрiншi...«45678 » ...Last »