АЛМАТЫ, 18 қараша. 2022 жылғы 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен ағымдағы жылдың 20 қарашасында жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топтың жолын кесті. Арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленді. Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және […]