НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Сейсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль провинциясында жол жиегіне салынған бомба жарылысынан әскери автокөлік жарылып, төрт ауған әскери қызметшісі жараланды. Бұл туралы жергілікті үкіметтің ресми өкілі Гүль Ислам Саял мәлімдеді, деп жазады Синьхуа агенттігі. Оның айтуынша, оқиға түскі уақытта Арғандаб ауданындағы жолда орын алған, жарылыс салдарынан Ауғанстан ұлттық армиясының төрт мүшесі жарақат алған. […]