ПЕТРОПАВЛ, 27 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысында Мамлют ауданының тұрғынан 3,5 кг марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде «Транзит» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Операция аясында тәртіп сақшылары Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінің 35 жастағы тұрғынынан өсімдік тектес зат салынған 7 пакет тапқан. Сараптама оның жалпы салмағы 3,5 кг астам кептірілген марихуана екенін көрсетті. […]