НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Бүгін Жалалабад қаласында «Ислам мемлекеті» (ИМ)* радикалды тобының 25 содыры қаруларын тастап, билікке берілді. Бұл туралы Нангархар (Шығыс Ауғанстан) провинциясының барлау басқармасының басшысы Мохаммад Баширге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, бұл содырлар Спингхар, Пачирагам және Батикот аудандарында белсенділік танытқан. Қауіпсіздік күштері Нангархар провинциясы мен оның маңындағы аудандардағы жағдайды тұрақтандыру үшін […]