Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Новосибирскіде тұрған шетелдік террористерді қаржыландырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. Новосибирскіде тұратын шетелдік азамат «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) тобын қаржыландыру үшін ақша аударғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп аймақтағы ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «1-ші шығыс аудандық әскери соты шетелдікті террористік әрекетке қатысқаны үшін кінәлі деп тауып, жалпы режимдегі колонияда өтеуге алты жылға бас бостандығынан айырды», — делінген […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ИМ дала командиріне қатысты санкция мерзімін созды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Гүлмурод Халимовқа қатысты санкция мерзімін созды. Тәжікстан ІІМ арнайы қызметінің бұрынғы командирі 2015 жылы елден қашып, бірнеше елде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» тобына кірген, деп centralasian.org жазады. Қауіпсіздік кеңесінің жаңарған тізімі 21 қазанда жарияланды. 2015 жылы Кеңес ИМ және «Әл Қаидаға» кіретін адамдарға, топтарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға санкция салған. Халимовқа қатысты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Түркияда жыл басынан бері 152 лаңкестік әрекеттің алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек.Осы жылдың басынан бері Түркияның қауіпсіздік құрылымдары ДЕАШ лаңкестері жасауды жоспарлаған 152 террорлық шабуылдың алдын алды, 26,8 тонна жарылғыш зат тәркіленді, деп Түркияның ІІМ басшысы Сулейман Сойлуге сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Министрдің айтуынша, ДЕАШ  лаңкестерімен күрес — бұл қылмыстың алдын алудың сәтті бағыттарының бірі ғана. Ішкі істер министрлігі Фетуллах Гюленнің лаңкестеріне де […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде төрт арнайы операция нәтижесінде ДАИШ-тың 10 содыры ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қыркүйек.Сирияның солтүстігіндегі Аазаз ауданында ДАИШ лаңкестік ұйымына  бағытталған операциялар нәтижесінде он лаңкес тұтқындалды, деп TRT жазады.  Аазаз қауіпсіздік дирекциясының жазбаша хабарламасына қарағанда, Килис полиция дирекциясының координациясында Сирия міндет күші тарапынан жаттықтырылған Аазаз полиция дирекциясына қарасты жасақтар 6 маусым-10 тамыз күндері аралығында аудан орталығындағы төрт бөлек ДАИШ ұяшығына операция ұйымдастырды. Операциялар барысында көптеген жарылғыш […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Түркиядағы ДАИШ лаңкестерінің «әмірі» қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу Түркияда ДАИШ лаңкестік ұйымының «әмірі» қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі . «Тінту кезінде содырдан зиянкестік әрекеттердің маңызды жоспарлары анықталды», — деп Сойлу өзінің Twitter-дегі парақшасында полицияға ризашылығын білдіріп жазды. Сойлу ДАИШ-тың (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қамауға алынған басшысы нұсқамаларды Ирак пен Сириядан алғанын атап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иракта АҚШ басқаратын халықаралық коалицияға жүк тасымалдайтын жасаққа шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз.  АҚШ басқаратын «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы халықаралық коалиция үшін жүк тасымалдайтын жасақ Бағдад маңындағы жол бойындағы бомбаға жарылды, деп Ирак қарулы күштеріне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Жұма күні Ирак қарулы күштерінің Біріккен қолбасшылығы мәлімдегендей, оқиға Бағдадтың Оңтүстік маңында болған. Бір көлік жарылып, жүргізуші қаза тапты. Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті ешкім […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нижний Новгородта «Ислам мемлекетің» қаржыландыруға күдікті Тәжікстан азаматтары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Нижний Новгород облысы бойынша ФҚҚ қызметкерлері Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшелерін қаржыландырды деген күдікпен тәжік азаматтарын ұстады. Бұл туралы аймақтағы ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.  «Ресейдің Нижний Новгород облысы бойынша ФҚҚБ Тәжікстан азаматтарын ұстады. Тоб басшысы «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының (ҚР — да тыйым салынған ұйым) […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «Вилаят Хорасан» барлау қызметінің басшысы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 тамыз.  Ауғанстанда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының «Хорасан» тармағының барлау бөлімінің  басшысы Ассадулла Оракзай жойылды,  деп елдің Ұлттық қауіпсіздік директоратына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады. Ресми мәліметтерге сәйкес, ИМ мүшесін жою бойынша арнайы операция 1 тамыз күні кешке Пәкістанмен шектесетін Нангархар провинциясының аумағында өтті. Мекеме орындалған арнайы операцияның егжей-тегжейін келтірмейді. Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік директоратында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Калининградта терроризмді қаржыландыру үшін айыпталған ресейлік қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде. Сот «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын қаржыландыруға қатысы бар азаматтарға ақша аударған ресейлік азаматты қамауға алды. Бұл туралы Калининград облысы бойынша Ресей ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Ресей ФҚҚ аумақтық басқармасының тергеу бөлімі Ресей Федерациясының азаматына қатысты РФ Қылмыстық кодекстің 205 бабының 1-бөлігі «Лаңкестік әрекетке жәрдемдесу» бойынша қылмыстық іс қозғады. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мысыр СІМ: лаңкестік топ содырлары Ливияға қайтып оралды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Мысырдың сыртқы істер министрі Самех Шукри 8 шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде «Ислам мемлеккеті» лаңкестік тобының (ҚР тыйым салынған ұйымның) содырлары Ливияның батысындағы бірқатар қалаларда табылды, деп мәлімдеді. Бұл туралы REGNUM ақпарат агенттігі жазады.  Оның айтуынша, осы ұйымнын лаңкестерінің пайда болуының көп жағдайлары Сабрата қаласында тіркелген. Министр Ливиядағы жағдай Мысырдың […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 13 of 15« Бiрiншi...10«1112131415 »