Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Буркина-Фасоның солтүстігіндегі ауылға шабуыл салдарынан 20 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан. Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Сено провинциясындағы ауылға белгісіз қарулы  тобының шабуылы салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге  сілтеме жасап хабарлады . Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мотоцикл мінген белгісіз содырлар ауылға басып кіріп, кейін көзден таса болды. Шабуыл салдарынан  20 тұрғын қаза тапқан . Оқиғадан кейін ауыл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия билігі үш террористті Швейцарияға депортациялады

    НҰР-СҰЛТАН, 03 желтоқсан. Түркия билігі «Ислам мемлекетінің» үш мүшесін (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) елден депортациялады, деп Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Елден қуылған қылмыскерлердің Швейцария азаматтығы болған, сол елге оларды депортациялады. Ресми Анкара,  кейбір ЕО елдерінің қарсылығына қарамастан, қылмыстық топтармен байланысы бар шетелдік азаматтарды елден шығаруды жалғастыратынын хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Түркия, көптеген […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда екі тәжік содыры ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының идеясын таратушы Абу Довуд ұсталып, Сириядағы Африн қаласының түрмесіне түсті. Бұл туралы түріктің TRT Haber телеарнасы сілтеме жасап centralasian.org  хабарлады. Душанбенің 35 жастағы тұрғыны Парвиз Саидрахмонов (Абу Довуд) жазда «Ислам мемлекеті» ұйымының Идлиб провинциясындағы соңғы бекінісі — Багуз елді мекенінен қашқан уақытта ұсталған. Саидрахмонов экстремистік ұйымға 2014 жылы қосылған. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Содырлардың Орталық Азияға шабуыл жасау қаупі әлі сақталуда

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Ауғанстандағы жағдай нашарлай түсуде, Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік тобының содырлары Ауғанстанның солтүстігінде Орталық Азияға шабуыл жасау үшін күштерін шоғырландыруда, деп мәлімдеді бүгін Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушев, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  «Игилдер негізгі күш-жігерін қазірдің өзінде екі мыңнан астам содырлар жиналған Ауғанстанның солтүстігіне өтуге шоғырландыруда», – деп ескертті ол. Патрушевтің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия билігі Францияға ИМ 11 содырын депортациялады

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. Түркия билігі «Ислам мемлекеті» террористік тобына қатысы бар 11 Франция азаматын еліне депортациялады, деп хабарлайды РИА Новости Түркияның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Бұған дейін Түркияның ІІМ 11 қарашадан бастап ИМ (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) содырларын өз елдеріне депортациялау бастағанын жариялаған болатын . Осы уақыт аралығында Түркиядан  АҚШ, Германия, Ұлыбритания және […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Прокурорлар Сириядан оралғандарды ұзақ мерзімге соттауды сұрады

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша. Елорданың қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында «Жусан» операциясы арқылы Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін прокуратура сотталушыларға қандай жаза талап ететінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Прокурор Едік Мұраттың айтуынша, сотталушылардың бірінші рет қылмысқа баруы, жас балаларының болуы, шын жүректен өкінгені сияқты жазаны жеңілдететін жағдайлар ескеріліп отыр. Ал діни алауыздық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан МҰҚК басшысы шекараға шабуылдағандар арасында әйелдер мен балалардың болғанын айтты 

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. 26 қарашада Душанбеде Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Мухаммад Саидов баспасөз мәслихатын өткізіп, қарашаның басында тәжік шекарасына шабуыл жасағандар арасында балалар мен әйелдер болғанын айтты, деп Азаттық хабарлайды.  Саидовтың сөзінше, Душанбенің оңтүстік-батысынан 60 шақырым жерде орналасқан шекара бекетіне шабуылдағандар арасында «10 ер, 11 әйел және 4-15 жас арасындағы 13 бала болған». […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда ИМ-нің 1000-ға жуық содыры қауіпсіздік күштеріне берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша.  12 қарашадан Ауғаныстанның әскери күштерінің операциясы басталғалы ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) кем дегенде 900 содыры, шетелдіктерді қоса алғанда, қауіпсіздік күштеріне берілді деп  АфТАГ жазады. Бұл Ауғанстан Қорғаныс министрлігі  жұма күні «Ислам мемлекетінің» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) 22  содыры Нангархар провинциясының Ачин қаласында ауған әскерлеріне берілгенің мәлімдегеннен кейін орын алды. Қорғаныс […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда ИМ содырларының депортациясы басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Түркия бұрын қолға түскен Ислам мемлекеті (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  террористік тобының содырларын өз  елдеріне депортациялай бастады , деп елдің ішкі істер министрлігінің  баспасөз-хатшы Исмаил Чатаклыге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу бұған дейін мәлімдегендей , Анкара тұтқында отырған ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырларын дүйсенбіден бастап отандарына қайтаруға ниетті. «Иностранный […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ Тәжікстандағы шекара бекетіне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  террористік тобы тәжік-өзбек шекарасындағы заставаға шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті  өз мойнына алды, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың SITE Intelligence Group сілтеме жасап. Тәжік-өзбек шекарасындағы Рудаки аймағында орналасқан «Султонобод» шекара отрядының заставасына шабуыл 6 қараша күні болған, шабуылдаушылар ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырлары  болып шықты. Тәжікстанның […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 4 of 5«12345 »