Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркияда ИМ байланысы бар деп айыпталған үш Сирия азаматы қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым. Түркияның құқық қорғау органдары «Ислам мемлекетімен» (ҚР қызметі тыйым салынған ұйым)  байланысы бар деп айыпталған үш адамды ұстады, деп  Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Құрықтау операциясы елдің солтүстік-батысында орналасқан Болу провинциясында жүргізілді. Журналистердің ақпараты бойынша, ұсталған адамдар Сирия азаматтары болған. Айыпталушылардан құжаттар мен сандық ақпаратты жеткізгіштер тәркіленді. Естеріңізге сала кетейік, «Ислам […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында исламшылдардың екі шабуылы кем дегенде 60 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым. Сенбі күні Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында исламшыл-содырлардың екі шабуылынан кем дегенде 40 бейбіт тұрғын мен 20 әскери қызметкер қаза болды. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Олардың айтуынша, шабуылдар Монгуно мен Нганзай жергілікті өзін-өзі басқару аймақтарында болған. Еске сала кетейік, бұған дейін 9 маусым күні  Борно штатының Губио аймағында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда ИМ-нің күдікті жеті мүшесі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Түркия билігі елдің солтүстік-батысындағы Дюздже  провинциясында «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының күдікті жеті мүшесін ұстады. Бұл туралы Анадолу ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Дюздже Бас прокуратурасы жүргізген тергеу барысында күдіктілердің осы радикалды топтағы жоғары дәрежелі жарылғыш сарапшылар екені анықталды . Олар провинциялық қауіпсіздік қызметі анықтаған мекен-жайлар бойынша бір уақытта […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ Кабулда болған жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН,01 маусым. М лаңкестік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Кабулдағы ауғандық Khurshid TV телеарнасының қызметкерлері қайтыс болған жарылысқа жауапкершілікті өз мойнына алды, деп kazislam.kz жазады.  Associated Press хабарлағандай, ИМ филиалының сайтында жасалған мәлімдемеде шабуыл телеарна қызметкерлерін алып жүретін автобусқа жасалған. Еске салсақ, Кабулдағы жарылыс 30 мамыр, сенбі күні болды. Автобус жүргізуші мен журналист жарылыс құрбаны болды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иракта арнайы операция кезінде ИМ-нің үш содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр. Ирак полициясы жұма күні Дияла және Киркук провинцияларында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қалдықтарына қарсы операция өткізіп, үш содырды жойып, екеуін ұстады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Дияла провинциясының полициясында хабарлағандай, барлау және құқық қорғау органдары Баакуба қаласының оңтүстік бөлігінде — аймақтың әкімшілік орталығына операция өткізді. Нәтижесінде үш содыр өлтірілді. Киркук провинциясының полиция […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны терроризмді қаржыландырғаны үшін сотқа тартылады

    НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. Терроризмді қаржыландырғаны үшін айыпталған Дағыстанның тұрғыны Әли Әлиомаровқа қарсы қылмыстық істі тергеу аяқталды.  Іс материалдары Оңтүстік аудандық әскери соттың қарауына жіберілді, деп Ресейдің Тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Тергеу болжамы бойынша, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдың тамыз айына дейін Әлиомаров Ханты-Мансы автономиялық округінің тұрғынына оның өтініші бойынша […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Лаңкестік әрекет дайындағаны үшін ұсталған адам екі айға қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Ставрополь өлкесіндегі сот Нефтекумскіде ұсталған лаңкесті екі айға қамауға алды. Бұл туралы аймақтың құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлады . «Жұма күні сот лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлағаны үшін ұсталған адамды қамауға алды. Ол екі ай мерзімге қамауға алынды », — деді дереккөз. Бұған дейін Ресейдің ФҚҚ-нің қоғаммен байланыс орталығы  Ставрополь […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Чад әскери күштері «Боко Харамға» қарсы арнайы операцияға кірісті

    НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Чад қарулы күштері «Боко-Харамға» (РФ-да қызметіне тыйым салынған ұйым) қарсы арнайы операцияға кірісті. Бұл туралы 30 наурызда Anadolu Ajansi хабарлайды, деп REGNUM жазады. «Біз, азаматтарымызға, әсіресе, Чад көлінің маңында тұратын адамдарға бейбіт өмірге қол жеткізу үшін лаңкестікті жеңуіміз керек», — деп агенттік журналистері Ел Президенті Идрис Деби сөздерін келтірді. Арнайы операцияның басталғаны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанның Бас прокуроры «Ишкобад» шекара бекетіне лаңкестердің шабуылы туралы есеп берді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Ишкобод» бекетіне жасалған шабуыл жиіркенішті лаңкестік қылмыс болды, деп мәлімдеді Юсуф Рахмон қорытынды баяндамасында. Бұл туралы Sputnik Тәжікстан жазады. Юсуф Рахмон «Ишкободқа» шабуыл кезінде 26 адам, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза болғанын нақтылады. «26 адам қаза тапты, оның ішінде тоғыз ер адам, сегіз әйел, төрт кәмелетке толмаған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ИМ Кабулдағы лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз. ИМ лаңкестік тобы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) Кабулдағы шара кезіндегі шабуылғ өз  қатыстығын мәлімдеді. Бұл туралы лаңкестер  6 наурызда бақыланатын интернет-ресурстар арқылы хабарлады.Бұл туралы REGNUM жазады. Олардың айтуынша, шабуылға граната мен қаруы бар екі адам қатысқан. ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) өкілдері шабуыл нәтижесінде 150-ден астам адамның өмірін қиғанын мәлімдеді. […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 4 of 7« Бiрiншi...«23456 » ...Last »