НҰР-СҰЛТАН, 07 сәуір. Дейр-эз-Зор провинциясының шығысында халықтық қарсыласу бөлімшесінің шабуылынан АҚШ-тың оккупациялық күштері қолдаған «Касад» содыры қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп «САНА» агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Жергілікті ақпарат көздері халық отрядының жауынгерлері Хаджин қаласының Әл-Каляа орамындағы «касадшылар» патрульіне автоматтан оқ жаудырып, бір содырды өлтіріп, екі содырды жаралағанын хабарлады. […]