АСТАНА, 25 қараша. Новосібір тұрғыны Ресейде тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад» халықаралық лаңкестік ұйымын қаржыландырғаны үшін қатаң режимдегі колонияға 14 жылға сотталды, деп Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Новосібір облысы бойынша баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Террористік құрылымдардың мүшелеріне аударылған қаражаттың жалпы сомасы 2,4 миллион рубльден асады. Шығыс округінің 1-ші әскери соты [айыпталушыны] террористік […]