ТҮРКІСТАН, 18 ақпан. Биылғы жыл басынан Түркістан облысындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде есірткі заттарын алып өту әрекетінің 4 оқиғасы тіркелген. Есірткіні заңсыз тасымалдаушылар әртүрлі тәсілдерді пайдаланбақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, осы жылдың 25 қаңтарында тіркелген оқиға бойынша, «Жібек жолы» кеден бекетінде Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ҚР Ұлттық […]