НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезектен тыс отырысын өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы № 175 мектеп-гимназиясында жақында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы қаралды. Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің ағымдағы қауіпсіздік жай-күйі және […]