Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түрік полициясы Бразилиядан келген кемеден 220 кг кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Түркияның есірткі бизнесіне қарсы полиция қызметкерлері елдің оңтүстігіндегі Мерсин портты қаласында 220 келі кокаин тәркіледі, деп Анадолу агенттігі жазады. Арнайы операция елдің оңтүстігіндегі Мерсин портында жүргізілді. Мерсин прокуратурасының хабарлауынша, есірткі Бразилиядан келген жүк кемесінен табылған. Мекеме мәліметі бойынша, тәртіп сақшылары кемені тексеру кезінде кокаин жасырылған қағаз салынған контейнерлер тапты. Арнайы операция барысында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Франция полициясы 540 кг есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қазан. Францияның Француздық Гвиана теңіз департаментінің Деград де Канн коммунасында полиция 540 килограмм кокаин партиясын тапты. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Француз Гвианасының астанасы Кайенна қаласының маңында 30 келіден 18 қапқа салынған кокаин сақтаған ер адам қамауға алынды. Тұтқындалған ер адам Деград де Канн портының қызметкері болып жұмыс істеді және […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мексика полициясы 600 келіден астам есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. Мексика полициясы Гватемаламен шекарада  контрабандашыны ұстады, 627 келі кокаин тәркіледі, деп Мексика Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Полиция қызметкерлері Чиапас штатындағы Уистла қаласындағы өткізу пунктінде есірткі тасымалдайтын жүк көлігін ұстады деп хабарланады. Жүк көлігінің жүргізушісі қайта өңделген пластикті тасымалдайтынын мәлімдеді, бірақ көлік құралында 627 келі кокаин болды. Жүк […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Перудің тәртіп сақшылары Андыда 400 келіден астам кокаин тауып алды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек.Перудың Аякучо аймағында құқық қорғау қызметкерлерінің арнайы операциясы аяқталды, нәтижесінде 433 кг кокаин бар құпия орындар табылды. Рейдке ұлттық полицияның десанттық бөлімімен қатар прокуратураның есірткі бизнесіне қарсы күрес күштері қатысты. Бұл туралы El Comercio басылымына сілтеме жасай отырып iz.ru. хабарлайды. Қаптарға салынып көмілген есірткі заттар Уанта провинциясындағы Росарио Сантильяна ауылының маңынан табылғандығы атап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Хорватия полициясы бортында 980 кг кокаин бар шағын желкенді кемеyі ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек.Хорватия полициясы Испанияның азаматтық гвардиясымен және Францияның кеден қызметімен бірлесе отырып, Хорватия азаматтары кіретін Балқан картелінің мүшелерін тұтқындауға бағытталған «FALKUŠA» акциясын өткізді. Бұл туралы хорватиялық Večernji list  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады. 12 қыркүйекте Хорватияның полиция қызметкерлері Канар аралдарының маңында картельдің желкенді кемесін ұстады, оның ішінде 980 килограмға жуық жоғары сапалы кокаин […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Күтпеген олжа: Флорида тұрғыны жағажайдан 35 кг кокаин тапты

     НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. АҚШ-та Флорида штатының тұрғыны жағажайда серуендеп жүрген кезінде күдікті пакеттерді тауып, полицияға хабарлады. Бұл 35 келі кокаин болып шықты, деп жазады  Репортер UA CNN-ге сілтеме жасап. Американдық шекара қызметі Голливуд жағажайынан 30 пакет есірткі тәркіледі. Сарапшылардың пікірінше, тыйым салынған заттың құны миллион доллардан асады.  «Мұндай пакеттер штаттың жағажайларында көп кездеседі, өйткені контрабандашылар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нидерландыда бір тонна кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Нидерландтық кеденшілер Роттердам портында импортталған ананас салынған контейнерден бір тонна кокаин тапты, деп nege.kz жазады.   «Есірткі ананас контейнерінде жасырылған, олардың құны – 75 миллион еуро», – делінген хабарламада. Контейнер өткен сенбіде бельгиялық Антверпеннен келген. Тәртіп сақшылары есірткі контрабандасына қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Украинаның Одесса облысындағы портта шамамен 60 кг кокаин табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 тамыз.  Одесса облысының «Южный» портында полиция қызметкерлері шамамен 60 келі кокаин тапты. Бұл туралы 3 тамызда Одесса облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлады. Мәлімдемеде есірткі партиясы Эквадордан әкелінгені және кедендік бақылаудан жасырылғаны айтылған. Тәркіленген кокаиннің қара нарықтағы құны 200 миллион гривеннен немесе 7,2 миллион доллардан асуы мүмкін, деп хабарлады баспасөз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Папуа-Жаңа Гвинеяда бортында кокаин бар ұшақ құлады

    НҰР-СҰЛТАН, 03 тамыз.  Папуа-Жаңа Гвинеяның оңтүстігінде кокаин тиелген ұшақ құлады. Бұл туралы Radio New Zealand-ке сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Оқиға ел астанасы Порт-Морсбидің жанында орналасқан Папа-Лили елді мекенінде болды. Cessna 402C жеңіл моторлы ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Апат болған жерге жеткен полиция қызметкерлері әуе кемесінің бортында шамамен 86 миллион АҚШ […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Колумбия портында бір тоннадан астам кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Колумбияның солтүстігіндегі Картахена портында 1,2 тонна кокаин тәркіледі, деп Колумбия қарулы күштерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Тәркіленген жүктің құны 73 миллион долларға бағаланып отыр.  Есірткі партиясы Германияға баратын жүк контейнеріне жасырылған. Колумбия билігі арнайы операцияны өткізуге көрсеткен көмегі үшін елдің барлау қызметтеріне алғысын білдірді.
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 4 of 7« Бiрiншi...«23456 » ...Last »