НҰР-СҰЛТАН, 08 мамыр. Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес үшін мемлекеттер қабылдаған шаралар есірткі өндіру көлеміне әсер етті. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының баяндамасында айтылғандай, әлемдегі жағдай есірткі трафигінің бағыттарын өзгертуге әкеп соқты. «Халықаралық әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты синтетикалық есірткіні, атап айтқанда метамфетаминді заңсыз жеткізу тізбегі […]