ОРАЛ, 21 ақпан. Батыс Қазақстан облысында есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған екі күдіктіні қолға түсірді, деп 24.kz хабарлайды. Оның бірінен 4 келі марихуана табылса, екіншісінен алынған есірткі сараптамадан өтіп жатыр. Алғашқы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 296 бабының 4-ші тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жалпы жыл […]