ТАРАЗ, 26 қыркүйек. Таразда кеше №6 мөлтек ауданындағы нөмірі екінші халыққа қызмет көрсету орталығына жарылғыш зат қойылды деп дабыл қағылып, құзырлы орган өкілдеріне хабар келген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тиісті мекемеге қоңырау шамамен сағат 14:50-лер шамасында түскен. Аталған жайттан хабардар болғаннан соң бірден жедел топ жұмылдырылып, белгіленген орынға шұғыл жеткен. Тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесінде […]