Астана. 19 қыркүйек. Асыл дініміз исламда көрші ақысына үлкен маңыз беріледі. Бұл жайында қасиетті аят, хадистерде көп өсиет айтылған. Құран Кәрімнің «ән-Ниса» сүресінің 36-аятында: – «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешқандай да серік қоспаңдар. Ата-аналарың мен жақындарыңа, жетімдер мен міскіндерге, туысқан көршілерге, туыс емес көршілерге, жанашыр достарыңа, жолаушыға және өздеріңе бағынышты құлдар мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар», […]