НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан. Ирактың Мосул провинциясындағы ДАИШ (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік ұйымының басшысы Йозгатта ұсталды, деп TRT жазады. Полиция топтары Йозгат қаласында Республиканың Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша ДАИШ (ҚР тыйым салынған ұйым) ұйымына қарсы операция ұйымдастырды. Белгіленген мекен-жайға бірдей уақытта жасалған операцияларда 4 күдікті ұсталды. Ұсталғандардың біреуінің Ирактың Мосул провинциясындағы басшысы екені анықталды.