НҰР-СҰЛТАН,28 шілде. Сенбі күні Марокконың Орталық сот тергеу бюросы елдің солтүстігіндегі Танжер қаласының маңында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланысты 5 адамды ұстады. Бұл туралы СИНЬХУА агенттігі елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Ведомствоның мәлімдеуінше, 24-36 жас шамасындағы экстремистер ИМ-мен (ҚР-да тыйым салынған ұйым) байланыс орнатып, Мароккода террористік әрекеттерді ұйымдастыруды жоспарлаған.Марокконың заң құрылымдары одан […]