Марави. 8 маусым. Филиппиннің Марави қаласынан 300-ге тарта бала эвакуацияланды. Барлығы автобустармен таяудағы қалаға көшіріліп, арнайы орталыққа жайғастырылған. Айта кеткен жөн, жарты ай бұрын радикалдық ұйымның 500-ге жуық жендеті Марави қаласын басып алған болатын. Қаскөйлер мұнда жерасты туннельдеріне қару-жарақ жеткізіп, шабуылға жіті дайындалған екен. Осыдан кейін өңірде әскери тәртіп жағдайы енгізілді. Қарулы қақтығыстар кезінде 95 […]