АҚТӨБЕ, 06 қыркүйек. Жалған ақпарат таратқан адамды ақтөбелік полицейлер іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе облысы ПД ҚҚБ электрондық поштасына Тургенев көшесі 75 мекенжайындағы ҚазГЗУ мектеп-гимназиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шығып, ғимаратты жарылғыш құрылғылардың бар-жоғына тексеру ұйымдастырылды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Полиция департаменті […]