Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Павлодарда қала тұрғыны электроника дүкеніне бомба «қойды»

    ПАВЛОДАР, Павлодардың 33 жастағы тұрғыны дүкенге жарылғыш зат қойылғаны жөнінде қоңырау шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сағат 16.57-де Павлодар қаласының полициясына Жаяу Мұса, 2 мекенжайындағы «Сулпак» дүкенінің ғимаратына бомба қойылғаны жөнінде хабарлама түсті. Шақырту орнына дереу шұғыл-тергеу тобы, өрт сөндіру жасағы және жедел жәрдем жіберілді. Барлық келушілер мен техперсонал эвакуацияланды», — деп мәлім етті Павлодар облыстық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Көкшетау әкімдігін «миналаған» әйел анықталды

    КӨКШЕТАУ, 30 қаңтар. Көкшетау қаласы әкімдігінің ғимаратына бомба қойылғаны туралы ақпаратқа байланысты әкімдік қызметкерлері эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 30-да Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының «102» арнайы желісіне 46 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, қалалық әкімдіктің маңына бомба қойылғанын айтқан. «Осыған байланысты әкімдікте болған бірқатар қызметкерлер эвакуацияланды. Полиция департаментінің жарылғыш […]
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Қарағандыда белгісіз біреу облыстық клиникалық аурухананы «миналады» 

    ҚАРАҒАНДЫ, 12 қаңтар. Қарағандыда белгісіз біреу облыстық клиникалық ауруханада «бомба барын» айтты. Медициналық мекемеден 300 адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жедел әрекет ету орталығынына аноним хабарлама сағат 11.15-те түскен. Белгісіз біреу Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада жарылғыш құрал барын айтқан. Төтенше жағдай қызметкерлері бірден оқиға орнына шыққан. Олар ең алдымен ғимарат ішіндегі адамдарды эвакуациялады. «Барлық сақтық шарасын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Атырауда мектептердің бірі «миналанды»

    АТЫРАУ, 18 қаңтар. Тәртіп сақшылары Атыраудағы мектептердің біріне «бомба қойылғаны» туралы ақпаратты тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «102» қызметіне қаладағы №27 орта мектепте бомба бар деген ақпарат кеше түскен болатын. Мектептегі барлық адам қауіпсіз жерге шығарылып, ғимарат қоршауға алынды. Жарылғыш затты іздеуге төтенше жағдайлар департаменті, ҰҰҚД және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Мектепке жедел жәрдем көлігі келді. Облыстық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Степногорда жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген күдікті ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 11 маусым.  Ақмола облысының Степногорск қаласында «бомба» қойған ер адам  ұсталды,  деп  облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, маусымның 10-да сағат 22:00 Степногорск қалалық ПБ кезекшілік бөліміне белгісіз ер адам қоңырау шалып тұрғын үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғанын айтқан. «Оқиға орнына жедел түрде қалалық ПБ жеке құрамы, жарылғыш-техника мамандары, кинологтар […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Алматыда бірқатар мекемеге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған — полиция

    АЛМАТЫ, 11 маусым. Алматы полициясы қаладағы соттардың ғимаратын тексеріп шықты. Ғимараттарда жарылғыш зат қойылған деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, белгісіз біреулер Алматыдағы бірқатар ғимараттарда жарылғыш зат бар екенін хабарлаған. Қазір қаланың жедел және шұғыл қызмет өкілдері Алматыдағы бірқатар мекемелерде, атап айтқанда сот ғимараттарында тексеру […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қостанай ауруханасындағы бомба туралы ақпарат жалған болып шықты

    ҚОСТАНАЙ, 27  мамыр.  Қостанай облысының полицейлері Жітіқара аудандық ауруханасының электрондық поштасына келген жарылғыш зат туралы хабарламаны тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жітіқара аудандық полиция бөліміне сағат 10.20 шамасында аудандық аурухананың фельдшері қоңырау шалып, ғимаратқа жарылғыш зат қойылған болуы мүмкіндігі туралы хабарлады.  Хабарламаны тексеру үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен мүдделі қызметтердің өкілдері жұмылдырылды. Адамдар оқшау […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Жалған террорист Буэнос-Айрестегі сауда орталығын «миналады»

    НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр. Буэнос-Айрестің Сан Исидро ауданында орналасқан сауда орталығында миналау туралы хабарламадан кейін жүргізілген тексеру нәтижесінде жарылғыш заттар табылған жоқ, деп хабарлады РИА Новости муниципалитет басшысы Густаво Поссэге сілтеме жасай отырып. «Унисентрға кіруге рұқсат берілген. Кешенді тексергеннен кейін ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Жауапсыз адамдар басқалардың қорқынышымен ойнайтыны өкінішті», — деп жазды ол Twitter-де. Бұған дейін […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде миналау туралы хабарламалардан кейін 40-қа жуық нысан тексерілді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Мәскеуде құқық қорғау органдары қызметкерлері  «миналау»  туралы анонимдік хабарламалардан  кейін адамдар көп жиналатын 40-қа жуық объектілерді тексереді, деп елорданың шұғыл қызметтер өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Жалпы  Мәскеуде 36 нысанға  жарылыс қаупі төніп тұр. Олардың сегізінде тексеру аяқталды, одан жеті мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді», — деді агенттік өкілі. Қаңтар айында […]
    • 6 Years ago
    • 0